Морфология


қысқыш ет болады.  Ерекшеліктері.  Жылқыда



Pdf көрінісі
бет627/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   1132
қысқыш ет болады. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  мықын  ішектің  ұзындығы  30  см,  құрсақ 

куысының  оң  бүйірлік  аумағында  жатады.  Ол  бүйеннің  кіші  иініне  тікелей 

ашылады. 

Күйіс  қайтаратын  жануарларда  мықын  ішек  бүйен  мен  тоқ  ішек 

шекарасына, 4 — бел омыртқа тұсында ашылады. 



Шошқада  мықын  ішек  тоқ  ішектің  алдыңғы  оң  жағының  жоғарғы 

бетіне  шолмек  тəрізденіп  ашылады.  Осы  тұс  бүйен  мен  тоқ  ішек  шекарасы 

болып табылады. 

Итте де мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасындағы ішек бүртігіне, 

1-2 -нші бел омыртқалар тұсында ашылады. 



Ащы ішектің гистологиялық құрылысы. Ащы ішектің қабырғасы да, 

басқа  түтікше  мүшелер  сияқты  үш  қабықтан:  кілегейлі,  етті  жəне  сірлі 

қабықтардан құралған. Бірақ, қызметіне байланысты ащы ішектің қабырғасы 

құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Aтап айтқанда, ащы ішек кілегейлі 

қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған 

құрылымдар  болады.  Оларға  аш  ішек  кілегейлі  қабығындағы  қатпарлар, 

пішіні  саусақ  тəрізді  ұзын  бүрлер,  кілегейлі  қабыққа  терең  еніп  жатқан 

кірмелер  (крипталар)  жəне  эпителиоциттердің  апикальды  ұшындағы 

микробүрлер  жатады.  Ащы  ішектің  кілегейлі  қабығы  торт  қабаттан  тұрады. 

Олар:  ішкі  эпителий  қабаты,  өзіндік  тақташа,  етті  тақташа  жəне 

кілегейліасты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен крипталар 

бірқабатты  призма  тəрізді  жиекті  эпителиймен  қапталған.  Эпителийдің 

астында қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дəнекер 

ұлпалық  өзіндік  тақташа  жатады.  Ішек бүрлері  эпителий  қабаты  мен  өзіндік 

тақташадан  құралған.  Бүрлердің  ішіндегі  борпылдақ  дəнекер  ұлпасында 

бүрлердің  жиырылуын  қамтамасыз  ететін  жекеленген  миоциттер  болады. 

Эпителий  қабаты  өзіндік  тақташаға  бойлай  еніп,  крипталарды  құрайды. 

Бірқабатты  призма  тəрізді  эпителийді  жолақты  жиекті  пішіні  призма  тəрізді 

энтероциттер  құрайды.  Олардың  апикальды  ұшында  ішек  кілегейлі 

қабығының сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Бұлар 

энтероциттердің  жолақты  жиегін  түзеді.  Микробүрлер  плазмолеммасының 

ішкі  бетін  гликопротеидтен  тұратын  жұқа  үлдір  тəрізді  гликокаликс  қаптап 

жатады.  Ол  жын  құрамындағы  заттарды  жабыстырып,  ферменттердің    

көмегімен  жарғақтық  қорыту  процесін  іс  жүзіне  асыруға  қатысады. 

Энтероциттердің  сопақ  келген  ядролары  бір  қатарда,  негіздік  жарғаққа 

жақын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазмада центросома, оның 

астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында рибосомалар мен 

митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. Эпителийдің ішкі 

бетіндегі  көрші  энтероциттер  апикальды  аймақтарының  плазмолеммалары 

бір-бірімен  тығыз  жанасу  арқылы  байланысады.  Кілегейлі  қабықтың 




295 

 

эпителий 



қабатында, 

энтероциттер 

аралықтарында 

кілегей 


бөлетін 

біржасушалы  бездер  —  құтыша  (бокал  тəрізді)  жасушалар  жəне 

биологиялық  белсенді  затар  бөлетін  эндокринді  жасушалар  кездеседі. 

Бірқабатты  призма  тəрізді  эпителий  жасушалары  негіздік  жарғақта 

орналасады. 

Зақымдалған 

эпителий 

жасушаларының 

орнын 

крипта 


қабырғадарындағы  діңгекті  жасушалардан  дамыған  жас  эпителиоциттер 

ажастырады.  Өзіндік  тақташадағы  пішіні  түтік  тəрізді  крипталардың 

кабырғалары  да  бірқабатты  призма  тəрізді  эпителиймен  қапталған. 

Крипталар  да  ішектің  сору  ауданын  ұлғайтады.  Крипталар  эпителий  қабаты 

жиекті (микробүрлерден тұрады) энтероциттерден, жиексіз энтероциттерден, 

панет  жасушаларынан,  құтыша  жəне  эндокринді  жасушалардан  құралған. 

Жиексіз  энтероциттер  митоз  арқьшы  бөлініп  көбейіп,  діңгекті  жасушалар 

қызметін аткарады. Панет жасушалары — крипта түбіндегі секрет бөлетін ірі 

эпителиоциттер.  Олар  құрамында  ферменттер  болатын  ішек  сөлін  бөліп, 

қарыннан келген жындағы тұз қышқылын бейтараптандырады. 

Кілегейлі  қабықтың  етті  тақташасының  өзі  ішкі  сақинаша жəне  сыртқы 

ұзынша  қабаттардан  құралған.  Аталған  қабаттарды  бірыңғай  салалы  ет 

ұлпасының миоциттері түзеді. 

Кілегейліасты  негіз  қан  жəне  лимфа  тамырлары  мен  жүйке  ганглийлері 

орналасқан борпылдақ дəнекер ұлпасынан құралған. Он екі елі ішектің (күйіс 

жануарларында  ұлтабарұшы)  кілегейліасты  негізінде  күрделі  тарамдалған, 

құрылысы  жағынан  түтікше  келген  дуоденальды  бездер  болады.  Бұлардың 

секрет  бөлетін  соңғы  бөлімдері  қабырғаларын  ақшыл  боялған  кілегейлі 

жасушалар мен сөл бөлетін ірі ядролы күңгірт боялған безді эпителиоциттер 

түзеді.  Олардың  араларында  панет,  көмкерме,  эндокринді,  бокал  тəрізді 

жасушалар кездеседі. Без сөлі құрамыңда көмірсуларды қорытуға қатысатын 

ферменттер  мен  тұз  қышқылын  бейтараптандыратын  қосылыстар  болады. 

Бездердің  шығару  өзектерін  ұсақ  бірқабатты  текше  немесе  призма  тəрізді 

эпителиоциттер  астарлайды.  Өзектер  сыртынан  дəнекер  ұлпалық  қабықпен 

қапталған.  Без  өзектері  крипталар  қуысына  немесе  ішек  бүрлері  аралығына 

ашылады.  Аш  ішек  кілегейлі  қабығында,  əсіресе,  мықын  ішекте  қорғаныс 

қызметін атқаратын көптеген лимфа түйіншелері болады. 

Ащы  ішектің  ортаңғы  етті  қабығы  екі  қабатта  орналасқан  бірыңғай 

салалы  ет  ұлласы  қабаттарынан  тұрады.  Оның  сыртқы  ұзынша  қабаты 

жіңішкелеу, ал ішкі сақинаша қабаты қалың болып келеді. 

Сыртқы сірлі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып, 

ішек  шажырқайына  айналады.  Шажырқай  борпылдақ  дəнекер  ұлпалық 

аралығы бар екі қабатты сірлі қабықтан түзілген. Шажырқай арқылы ішекке 

қоректендіруші қан, лимфа тамырлары жүйке талшықтары келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет