Морфология



Pdf көрінісі
бет632/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   1132
Ерекшеліктері. Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі 

латеральды  жəне  медиальды  бөліктерге  бөлінеді.  Бауыр  өзегі  он  екі  елі 

ішекке пилорустан 10-12 см қашықтықта ашылады. Бауыр құрсақ куысының 

оң  жағында  16  -ншы  қабырғаға,  ал  сол  жағында  7-12  -нші  қабырға  тұсына 

дейін  созылады.  Ол  негізінен  құрсақ  қуысының  оң  қабырғаастылық 

аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына 

аздап өтеді. 

Күйіс қайтаратын жануарларда бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 8 -

інші  қабырғадан  соңғы қабырғаға  дейінгі аралықта жатады.  Бауыр  бөліктері 

нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішійдес болып келеді. Оның вентральды 

ұшы бауыр жиегінен төменірек түсіп тұрады. 



Шошқа бауырының оң жəне сол бөліктері өз кезегінде латеральды жəне 

медиальды  бөліктерге  бөлінеді.  Оның  денемен  салыстырмалы  мөлшері,  таза 

шөпқоректі  жануарларға  қарағанда  үлкендеу  болып  келеді,  құйрықты  бөлігі 

оң  бүйрекпен  жанаспайды.  Бауыр  оң  қабырғаастылық  аумақта,  14  -інші 

қабырға  тұсына  дейінгі  аралықта  жатады.  Сол  қабырғаастылық  аумаққа  сəл 

ғана өтеді. 



Ит  бауырының  салыстырмалы  мөлшері  басқа  жануарларға  қарағанда 

көлемді  келеді.  Оң  жəне  сол  бөліктері  латеральды  жəне  медиальды 

бөліктерге  бөлінген.  Құйрықты  бөлікте  қосымша  емізікше  өсінді  (processus 

papillaris) болады. Бауыр оң жəне сол қабырғаастылық жəне семсерше өсінді 

аумақтарында орналасады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет