Морфология



Pdf көрінісі
бет688/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   1132
Кіші  бронхтардың  қабырғаларында  тал  шықты  -  шеміршекті  қабық 

болмайды.  Олардың  қабырғалары  кілегейлі  қабықтан  жəне  адвентициядан 

тұрады.  Кілегейлі  қабықтың  өзі:  ішкі  эпителий  қабатынан,  өзіндік 

тақташадан  жəне  етті  тақташадан  құралады.  Кіші  бронхтардың  соңғы 

тармақтары  кілегейлі  қабығының  эпителий  қабатын  бірқабатты  бірқатарлы 

кірпікшелі  эпителий  құрайды.  Кіттті  бронхтардың  соңғы  тармақтары  мен 

бронхиолалар  эпителий  қабатында  призма  тəрізді  кірпікшелі,  құтыша, 

эндокринді,  базальды  жасушалардан  басқа  жиекті,  кірпікшесіз  жəне  секрет 

бөлетін  (Клар  жасушасы)  жасушалар  кездеседі.  Биік  жиекті  жасушалардың 

апикальды  ұштарында  микробүрлер  болады.  Олар  хеморецепторлардың 

қызметін  атқарады.  Призма  тəрізді  секрет  бөлетін  жасуша  цитоплазмасында 

секрет  белуге  арналған  органеллалар  (агранулалы  эндоплазмалык  тор, 

Гольдж  кешені  митохондриялар)  жақсы  жетілген.  Олардың  бөліндіге  толған 

апикальды  ұшы  эпителий  қабатының  ішкі  бетінен  сəл  шығыңқы  тұрады. 

Клар 

жасушаларының 



секреті 

құрамындағы 

ферменттер 

өкпе 


көпіршіктерінің  (альвеолаларының)  ішкі  бетіндегі  жұқа  үлдірлі  қабат 

сурфактантты  ыдыратады.  Кірпікшесіз  жасушалар  көбіне  бронхиолалар 

эпителий  қабытында  кездеседі.  Өзіндік  тақташа  борпылдақ  дəнекер 

ұлпасынан тұрады. Етті тақташаны сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет 

ұлпасының миоцитері құрайды.     

Адвентиция — борпылдақ дəнекер ұлпасы 

Орташа  диаметрі  0,5  мм  соңғы  (терминальды)  бронхиолалардың 

қабырғасын  бірқабатты  текше  тəрізді  кірпікшелі  эпителий  мен  борпылдақ 

дəнекер  ұлпалық  өзіндік  тақташа  құрайды.  Өзіндік  тақташада  эластин 

талшықтары  мен  олардың  аралықтарындағы  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының 

миоциттері  бронхиолалар  бойымен  ұзынынан  орналасады.  Сондықтан, 

бронхиолалар қабырғалары ішке тыныс алған кезде созылып кеңейіп, сыртқа 

дем шығарғанда өзінің бұрынғы қалпына келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет