Зəр бөлу мүшелері (органы мочеотделения) — organa urinaria — екі
бөлімнен: зəр бөлу мүшесінен жəне несеп шығару жолдарынан тұрады. Зəр
бөлу мүшесіне бүйрек (паренхималы мүше), ал несеп өткізу мүшелеріне
несепағар, қуық жəне несепшығар өзек (түтікше мүшелер) жатады.
Зəр бөлу мүшелерінің дамуы. Несеп бөлу мүшелерінің дамуы
организмдегі зат алмасу процесімен тығыз байланысты. Олардың
организмдегі дамуы мен күрделеніп жетілуі зат алмасу процесі негізінде
түзілген денедегі ыдырау өнімдерін сыртқы ортаға шығаруға арнайы
маманданған
ұлпалар
құрылымдарының
дамып
жетілуімен
тікелей
байланысты іс жүзіне асады. Зəр бөлу мүшелері өздерінің филогенезінде
даму процесінің көптеген сатыларынан өтеді.
Төменгі сатыдағы жəндіктер (қарапайымдылар, ішекқуыстылар) зат
алмасу процесі нəтижесінде түзілген ыдырау өнімдерін организмнен сыртқы
ортаға денесінің қабықшасы арқылы диффузиялық жолмен шығарады.
Инфузорияларда зəр шығару қызметін арнайы органелла жиырылғыш
вакуольдер атқарады.
Жануарлар дене құрылысының күрделенуі организмде бір-бірімен
үйлесімді қызмет атқаратын көптеген мүшелер жүйелерінің қалыптасып
дамуына ықпалын тигізеді. Солардың қатарында, ыдырау өнімдерін денеден
қоршаған ортаға шығаруға арналған зəр бөлу мүшелері де дамып жетіле
бастайды.
Жалпақ құрттардың көпжасушалы күрделенген организмінде зəр бөлу
мүшелер жүйесі шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасады. Зəр бөлу
өзекшелері
Достарыңызбен бөлісу: |