Респираторлы пневмоциттер негізінен альвеоланың ішкі бетін
астарлайтын альвеолоциттер. Олар бір қабатта негіздік жарғақга орналасады.
Респираторлы пневмоциттердің орташа қалыңдығы 0,2 -0,3 мкм. Ядролары
орналасқан тұста 5-6 мкм -ге дейін биіктейді. Цитоплазмасында барлық
органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола
қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтер мен гликопротеидтерден
тұратын жұқа үлдір тəріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант
альвеолалардың ішкі беттерінің бір-біріне жабысып қалмауын қамтамасыз
етумен қатар, ауаның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына
енуіне жол бермей, қорғаныс қызметін де атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |