Несепағардың гистологиялық құрылысы. Несепағар түтікше мүше
ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті жəне сірлі қабықтардан құралған.
Несепағардың ішкі кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ
ауыспалы эпителийден жəне сыртқы борпылдақ дəнекер ұлпалы өзіндік
тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады.
Несепағардың ортаңғы етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі
ұзынша қабат, ортаңғы сақинаша қабат жəне сыртқы ұзынша қабат. Аталған
етті қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен
тұрады. Несепағардың сыртқы сірлі қабығы ішкі борпылдақ дəнекер
ұлпалық қабаттан жəне сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ
эпителий) тұрады. Несепағардың куыққа ашылатын томенгі бөлігінің сыртқы
қабығы адвентиция (борпылдақ дəнекер ұлпасы).
Куық (мочевой пузырь)— vesica urinaria — пішіні алмұрт тəрізді зəр
уақытша жиналатын қуысты мүше. Оның құрсақ куысына қараған бөлігін
Достарыңызбен бөлісу: |