қуық төбесі (vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуық денесі
(corpus vesicae) жəне жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін
қуық мойны (cervix vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі кілегейлі
қабағы қатпарланып тұрады. Копқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған
кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі
қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері (columna ureteris), ал олардың
қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері (ostium ureteris) көрінеді. Осы
тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары (plica ureterica) бір-
біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, куық үшбұрышын
(trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де,
қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын
(crista urethralis) түзеді.
Қуықтың етті қабығының сақинаша қабаты, қуық мойнының қысқыш
етін құрайды.
Сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптайды, ал
оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың
вентральды бетінен құрсақ жəне жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп,
Достарыңызбен бөлісу: |