Морфология



Pdf көрінісі
бет727/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   1132
микрогаметалар  болып  екі  топқа  бөліңді.  Макрогаметалар  —  аналық 

жыныс жасушалары, ал микрогаметалар — аталық жыныс жасушалары

Жыныс  жасушаларының  бір-бірімен  косылып  ұрықтануынан  жаңа  дарақтар 

пайда  болып,  өсіп  жетілді.  Көбеюдің  бұндай  түрін  жыныстық  көбею  — 

дейді.  Құрылысы  қарапайым  көпжасушалы  жəндіктерде,  мысалы,  түшы  су 

гидрасында,  көбеюдің  жыныстық  жəне  жыныссыз  түрлері  қатар  журеді. 

Жыныстық 

көбею 

кезінде, 



жануарлар 

денелерінде 

пісіп 

жетілген 



макрогамета  мен  микрогамета  бір-бірімен  қосылып,  нəтижесінде  жаңа  ұрық 

пайда  болады.  Бұл  процесті  ұрықтану  -деп  атайды.  Макрогамета  жəне 

микрогаметаның қосылуынан пайда болған біржасушалы ұрық зигота — деп 

аталынады. Біржасушалы организм — зиготадан гидраның жаңа дарағы өсіп 

жетіледі.  Ал  гидра  организміндегі  жыныссыз  көбею  ересек  жəндіктерде 

жүреді.  Жыныссыз  көбею  кезінде,  гидра  денесінің  көпжасушалы  бір  бөлігі 

организмнен  бөлініп,  бөлектенген  бөліктен  басқа  жаңа  гидра  организмі  өсіп 

жетіледі.  Демек,  жəндіктердегі  жыныссыз  көбеюдің  бұл  түрі,  өсімдік 

организмдеріне тəн вегетативті көбею сипатында жүреді. 

Филогенездің 

алғашқы 

кезеңдерінде, 

құрылысы 

қарапайым 

көпжасушалы  жəндіктерде  макрогаметалар  мен  микрогаметалар  бір 

организмде пісіп жетіледі. Бұндай организмдерді гермафродиттер (қызтеке) 

— деп атайды. Филогенездің келесі кезеңдерінде жануарлар дүниесінде дара 

жынысты  жəндіктер  пайда  болды.  Жеке  бір  организмде  макрогаметалар,  ал 

екінші  организмде  микрогаметалар  дамып  жетілді.  Бұл  жануарлар  дүниесі 

дамуындағы үлкен прогресс араморфоз еді. Жаңа организмдердің дамуы тек 

жеке 

дара 


организмдерде 

пісіп 


жетілген 

макрогаметалар 

мен 

микрогаметалардың 



қосылып 

ұрықтануынан 

кейін 

ғана 


басталды. 

Ұрықтанудан  пайда  болған  жаңа  организмге  тəн  қасиеттер  жеке  дара  екі 

организмнің тұқым қуалау қасиеттерінің өзара əрекеттесуі нəтижесінде, жаңа 

сипатта түзілді. Бірақ, айта кету керек, жануарлар дүниесіндегі дамудың сол 

дəуірдегі  кезеңдерінде,  көпжасушалы  қарапайым  жəндіктер  денелерінде 

гаметалар  дамып  пісіп  жетілетін  арнайы  маманданған  көбею  мүшелері 

болмаған.  



337 

 

Ұдайы  өзгеріп  отыратын  тіршілік  ортасына  бейімделу  нəтижесінде, 



жануарлар  организмдерінің  дене  көлемі  ұлғайып,  оның  құрылысы 

құрделенеді.  Осыған  байланысты  гаметалар  жануарлар  денесінің  белгілі  бір 

бөліктерінде  жетіліп,  арнайы  маманданған  мүшелерде  бөліну  арқылы 

көбейіп,  пісіп  жетіле  бастайды.  Гаметалардың  көбею  процесі  жүретін  дене 

мүшелерін  гонадалар  —  деп  атайды.  Бастапқы  кезде  гонадалар  дененің 

сыртқы бетіне жақын орналасып, пісіп жетілген гаметалар олардың жарылуы 

нəтижесінде  сыртқы  ортаға  шығып  отырды.  Кейінірек,  жануарлар 

организмдерінде  екінші  дене  қуыстарының  пайда  болуына  байланысты, 

гонадалар сол екінші дене қуысы кабырғасында жинақталып, олардағы пісіп 

жетілген  гаметалар  арнайы  өзектер  арқылы  сыртқа  шығарылып  отырды. 

Кейбір  жəндіктерде  гонадалардың  шығару  өзектері  зəр  шығару  өзектерімен 

бірге дамып жетілді. 

Жануарлар  организмдерінің  одан  əрі  күрделенуіне  байланысты,  денеде 

гаметалар 

дамитын 

құрылысы  күрделі 

арнайы 

мүшелер 


жетіледі. 

Макрогаметалар,  яғни  жұмыртқа  жасушасы  дамып  жетілетін  мүше 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет