Морфология



Pdf көрінісі
бет730/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   726   727   728   729   730   731   732   733   ...   1132
Жануарлар  онтогенезінде  көбею  мүшелерінің  жыныс  бездері 

организмнің  іштегі  даму  кезеңінде  (эмбриондық  кезенде)  аралық  бүйректің 

медиальды  бетіндегі  мезотелийдің  жыныс  катпары  ретіңде  қалыптасады. 

Іштегі  ұрық  организмдерінің  күрделеніп  дамуына  байланысты,  жыныс 

қатпарларының  пішіні  өзгеріп  сопақтанып,  бастама  жыныс  бездеріне, 

жануарлардың жынысына қарай:  жұмыртқалыкқа, не енге айналады. Жыныс 

бездері  мезотелийінің  жыныс  қатпары  туынды  жасушалары  жыныс 

жасушаларын  қоректік  затпен  қамтамасыз  ететін  тіректік  жасушаларға 

айналады.  Ал  жыныс  бездерінде  дамып  жетілетін  жыныс  жасушаларының 

бастама  жасушалары  гаметобласттар  (гонобласттар)  ұрық  эмбриогенезінің 

алғашқы  сатыларында  сарыуыз  қапшығының  қабырғасында,  қан  тамырлары 

маңында  энтодермадан  калыптасып,  митоз  арқылы  көбейіп,  дамып  жетіледі 

де,  канға  өтіп,  канның  ағысымен  ұрық  организміндегі  бастама  жыныс  безі 

гонадқа  барып  қоныстанады.  Жыныс  бездерінде  гонобласттар,  оларды 



339 

 

қоректік  заттармен  қамтамасыз  ететін  тіректік  жасушалармен  қоршалып, 



дамып  жетіліп,  жануарлардың  болашақ  жынысына  байланысты  аталық 

(сперматозоидтар)  немесе  аналық  (овоциттер)  жыныс  жасушаларына 

айналады. 

Бұдан  кейінгі  даму  сатысында,  көбею  мүшелерінін  жетілуі  зəр  бөлу 

мүшелері  дамуымен  тығыз  байланыста  жүреді.  Аралық  бүйрек  маңында, 

бастама  жыныс  бездерінен  кейінірек  жануарлардың  болашақ  жынысына 

байланысты жұмыртқалық немесе ен дамиды. Аралық бүйрек өзегі маңында, 

жыныс  қатпарымен  бір  мезгілде,  бастапқы  бүйрек  өзегі  қалдығынан  арнайы 

өзек  қалыптасады.  Ол  алғашқы  кезде  аралық  бүйрек  өзегімен  жапсарлас, 

кейінірек одан ажырап, бастапқы бүйрек (Мюллер) өзегі — деп аталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   726   727   728   729   730   731   732   733   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет