Еннің гистологиялық құрылысы. Ен сыртынан сірлі қабықпен
(өзіндік қынаптық қабык), оның астындағы тығыз дəнекер ұлпалық ақ
қабықпен қапталған. Ақ қабық еннің артқы жағынан оның ортасына қарай
үңгілей еніп, ен ортасын құрайды. Ақ қабық пен ен ортасын жалғастыратын
дəнекер ұлпалық перделіктер, ен паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Еннің
стромасын ақ қабық, ен ортасы жəне перделіктер, ал паренхимасын ен
бөлікшелері құрайды. Əрбір ен бөлікшесі 2-4 ирек тұқымдық өзекшелерден
тұрады. Олардың орташа диаметрі 150-250 мкм, ұзындығы 30-70 см. Ендегі
барлық ирек өзекшелердің жалпы ұзындығы 1-3 км болады. Ирек тұқымдық
өзекше сыртынан коллаген, эластин талшықтары мен фиброциттерден
құралған
дəнекер
ұлпалық
қабықпен
қапталған.
Ирек
тұқымдық
өзекшелердің қабырғасын құрылымдық негізде тығыз байланысқан
эпителиоциттер
мен
сперматогенді
жасушалар
қабаты
түзеді.
Эпителиоциттер (Сертоли жасушалары) негіздік жарғақта орналасқан пішіні
пирамида тəрізді тіректік жасушалар. Олардың сопақ кедген ядролары
негіздік жарғакқа жақындау жатады. Цитоплазмасында барлық органеллалар
бар. Əсіресе, агранулалы эндоплазмалық тор мен Гольдж кешені жақсы
жетілген.
Бұлармен
қатар,
лизосомалар,
микротүтікшелер
мен
микрофиламенттер, арнайы кристалды құрылымдар болады. Қосындылардан
липидтер, көмірсулар, липофусцин кездеседі. Тіректік жасушалардың
(сустентоциттердің) екі бүйір қапталында даму сатысындағы сперматогенді
жасушалар орналасады. Сустентоциттер даму сатысындағы жыныс
жасушаларының толық жетілуіне қолайлы микроорта жасап, қорекгік
заттармен қамтамасыз етеді жəне əр түрлі ұлы заттар мен антигендерден
қорғайды. Сонымен қатар, жетілмей бүзылу сатысындағы жыныс
жасушаларын лизосомаларының қатысуымен фагацитоз арқылы жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |