қосбөлімді жатыр (uterus bipartitus) дамиды. Бұндай жатырдың бір мойны,
денесі жəне екі мүйізі болады. Жатыр мойны қынапқа ашылады. Жатыр
денесінің ішкі қуысында жартылай перделік болады. Осыған байланысты
жатырға "қосбөлімді" деген атақберілген. Қосбөлімді жатыр кейбір
кеміргіштер мен қолқанатты (жарғанат) хайуанаттарға тəн.
Мюллер өзегінің жартылай бірігуінен, қосмүйізді жатыр (uterus
bicornis) түзіледі. Бұндай жатырдың бір мойны, денесі жəне өте жақсы
жетілген екі мүйізі болады. Қосмүйізді жатыр жоғаргы плаценталы
жануарларға тəн.
Мюллер өзектерінің толық қосылып бірігуінен, қарапайым жатыр
(uterus simplex) дамиды. Бұндай жатырдың бір мойны, үлкен денесі болады.
Денесіне екі жұмыртқа жолы екі жағынан ашылады. Қарапайым жатыр
приматтар мен адамға тəн.
Ұрғашы жануарларда бағыттағыш байламның артқы бөлігі құрсақ
қуысы қабырғасымен байланысын үзіп, жатырдың жұмыр байламына
айналады. Ал оның алдыңғы жақсы жетілген бөлігі жұмыртқалықтың
арнайы байламы — деп аталады.
341
Достарыңызбен бөлісу: |