Ацидофилді аденоциттердің үлесіне. Эндокриноциттерінің 30-35% -ы
тиеді. Бұлардың цитоплазмасында қызыл түске боялған дəншелер болады.
Пішіні дөңгелек не сопақ келген ацидофилді жасушалардың мөлшері
хромофобты аденоциттерден үлкендеу, ал базофилді жасушалардан сел
кішірек келеді. Олардың дөңгелек ядролары жасушаның орталығында
орналасады. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Гольдж
кешені ядроға жақын жатады. Митохондриялары ірі болып келеді, бірақ сан
жағынан тым аз.
Достарыңызбен бөлісу: |