ГИПОФИЗ
Гипофиз (hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндокринді
бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер
жүйесінің
орталық
мүшесі.
Ол
аралық
мидың
құрамына
кіріп,
гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипофизден немесе
аденогипофизден жəне нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің өзі
алдыңгы, аралық жəне төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.
Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шүңқырын, яғни гипофиз
қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми
қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек
сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен
эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |