Морфология


 — сурет. Кан капилляры кабырғасының ультрақурылымы



Pdf көрінісі
бет806/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   1132
 

184 — сурет. Кан капилляры кабырғасының ультрақурылымы 

1 — эндотелиоцит, 2 - негіздік жарғақ, 3 — перицит, 4 — пиноцитозды көпіршіктер, 

5 — эндотелиоциттердің жанасу аймагы. 

 

Капиллярдың  қабырғасы  жұқа  үш  қабаттан  тұрады.  Ішкі  қабатын 



негіздік  жарғақга  бір  қабатта  орналасқан  жалпақ  эндотелиоципер  құрайды. 

Ортаңғы  қабаты  негіздік  жарғакден  қапталған  перициттерден  тұрады. 

Сыртқы  қабатындағы  аморфты  затта  адвентициялық  жасушалар  мен 

коллаген талшықтары орналасады. Эндотелиоциттер — капиллярлардың ішкі 

бетін  астарлайтын  жалпақ  пішінді,  сопақ  ядролы,  көпбұрышты  жасушалар. 

Олардың  иректелген  шекарасын  азотты  қышқыл  күміспен  анықтайды.  Ірі 

эндотелиоциттердің  ұзындығы  75-175  мкм,  майдаларының  ұзындығы  5-8 

мкм,  қалыңдығы  200  нм-2  мкм,  ядро  маңында  3-5мкм.  Эндотелиоциттердің 

капилляр  қуысына  қараған  беті  арнайы  плазмолеммамаңы  қабаты  гл  11 

копротеидпен  қапталған.  Бұл  қабат-пенжанаса  аққан  қан  ұйымайды. 

Олардың  цитоплазмасыңца  цитоқаңқаны  құрайтын,  мөлшері  5  нм 

микрофиламенттер  болады.  Жануарлар  организмі  мүшелерінде  құрылысы 

түрліше  капиллярлардың  үш  түрі  кездеседі:  1)  қабырғасы  тұтаса  жалғасқан 

эндотелиоциттерден  жəне  негіздік  жарғақтан  тұратын  капиллярлар  (ең  көп 

тараған 

түрі), 


2) 

фенестрлі 

капиллярлар 

— 

эндотелиоциттер 



цитоплазмасында терезе (фенестр) тəрізді тым жұқа ойықша жерлері болатын 

капиллярлар  (бүйрекденешігінің  шумактары,  ішек  бурлері,  ішкі  секреция 

бездері),  3)  эндотелиоциттері  мен  негіздік  жарғағында  диаметрі  əр  түрлі 

тесіктері  болатын  капиллярлар  (көк-бауыр  т.б.).  Негіздік  жарғақгардағы 

тесіктер аркылы эндотелиоциттер мен перициттер бір-бірмен тығыз жанасып, 

түрлі  қозуды  бір-біріне  өткізеді.  Перициттер  -  жүйке  ұштары  жанаса 

аяқталатын,  пішіні  себет  тəріздес  тармақты  жасушалар.  Олардың 

цитоплазмасыңда  жиырылу  процесін  іс  жүзіне  асыратын  микрофиламенттер 

болады.  Жүйке  ұштарымен  келген  жүйке  толқындары  əсерінен  перициттер 

капиллярлардың 

арналарын 

тарылтып-кеңейтіп, 

капиллярлар 

куысы 


диаметрін  реттеп  отырады.  Капиллярлардың  сыртқы  қабығындағы  ұзынша 

келген  майда  жас  адвентициялық  жасушалар  —  фибробласттар  мен 

липоциттер үшін камбиальды қызмет атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   802   803   804   805   806   807   808   809   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет