тамырларға əр түрлі деңгейде қысым түсіреді. Нəтижесінде əр түрлі қан
мүшенің атымен (бүйрек, қарын, бауыр артериялары т.б.) немесе орналасу
378
зандылықтарына
(бірбіліктілік,
метамерия,
екіжакты
симметриялық)
бағынады. Дене білігінің бойымен өтетін қан тамырларына: қолқа, оның
жалғасы орталық құйымшақ жəне кұйрық артериялары, бұларға сəйкес
каудальды қуыс вена жатады. Сегменттік (метамерлік) қан тамырлары қаңқа
мен бұлшық еттер сегменттерінде жақсы байқалады (кабырғааралық, бел,
құйымшақ артериялары мен бұларға сəйкес веналар т.б.). Тұлғадағы оң жəне
сол аттас артериялардың, веналардың болуы — қан тамырларының екіжақты
симметриялық заңдылығы бойынша тармақталуының дəлелі. Сонымен қатар,
тақ мүшелер қан тамырларының тақ болуы да, осы заңдылыққа бағынады.
6. Магистральды қан тамырларын бүйірлік тармақтары бір-бірімен өзара
жалғамалар (анастомоздар — байланыстырғыш тармақтар) түзеді. Олар
негізінен қозғалмалы мүшелерде (қарын, ішектер т.б.), аяқ буындарында,
тұлғада жақсы байқалады. Анатомоздардың арқасында коллатеральды
(бүйірлік) қан тамырлары түзіліп, олар негізгі магистральды қан
тамырларымен катарласа орналасады. Егер кейбір себептерге байланысты,
негізгі қан тамырларыңдағы қан ағысы қиындаған жағдайда, коллатеральды
қан тамырлары мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.
7. Жануарлар организмі мүшелерінде артериялар тармақталуының төрт:
шашыраңқы, магистральды, дихотомиялық жəне соңғы тармақталу түрлері
ажыратылады. Тармақталудың шашыранды түрінде қан тамырлары бірден
арнасы əр түрлі бірнеше тармақтарға ажырайды. Бұндай тармакталу ішкі
мүшелердің қан тамырларына тəн. Магистральды тармақталуда негізгі
артериядан кезегімен бүйірлік тармақтар бөлініп ажырайды. Мысалы,
қолқадан тарайтын париетальды (кабырғалық) жəне висцеральды (іштік)
тармақтар осылай тарамдалады. Дихотомиялық тармақталу кезінде, бір
артерия бағанынан арнасы бір-біріне тең екі қан тамыры ажырайды. Осындай
жолмен өкпе артериялары, жалпы ұйқы артерия бағаны тармақталады. Соңғы
тармақталу түрінде артериялардан таралған жіңішке қан тамырлары
араларында анастомоздар болмайды. Бұндай тармақталу мида, жүректе,
өкпеде, бауырда, үйқы безінде, бүйректерде, көкбауырда кездеседі.
8. Анастомоздар немесе байланыстырғыш тармақтар (ramus com
municans) бірнеше түрге бөлінеді. Олар: артерия доғалары, артерия торлары,
"ғажап торлар" ("чудесная сеть"), тамырлар тораптары, артериоло-венулалық
анастомоздар. Артерия доғалары бір мүшеге бара жаткан бірнеше
артериолаларды өзара біріктіреді, мысалы, ішек, бақай артериялары. Артерия
торлары (rete arteriosum) деп қан тамырлары соңғы тармақтарының бір-
бірімен байланысып, торлануын айтады. Бұған мысал тізенің дорсальды
торы. Ғажап тамырлық тор (rete mirabile) бір артерия əуелі капиллярларға
тарамдалып, кайтадан олар бір-бірмен қосылып, артерия түзеді де, одан соң,
ол капиллярларға таралып, содан кейін ғана олар бір-бірімен қосылып, вена
тамырына айналады. Демек, тамырлардың "ғажап торлары" не екі
артерияның немесе екі венаның арасындағы капиллярлар торы. Ғажап
торларға бүйрек денешігіндегі артериолалар арасындағы капиллярлар
шумағы жəне бауырдағы веналар арасындағы вена капиллярлар торы
379
жатады. Тамырлар торабын (plexus vasculosus) дененің деңгейі əр түрлі
жазықтықтары бойындағы анастомоздар бірігіп құрайды. Мысалы, мидағы
қан тамырлар торабы. Артериоловенулалық анатомоз (anastomosis arteriolo-
venularis) деп, артериолалар мен венулалардың өзара, капиллярлар
торларынсыз тікелей байланысуын айтады.
9. Артериялардың мүшелердегі тармақталуы олардың даму, кұры лыс
жəне қызмет ерекшеліктеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: