Ерекшеліктері. Итте оң жəне сол жалпы ұйқы артериялары (аа.
carotis communis dextra et sinistra) иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді,
ал басқа жануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (truncus bicaroticus)
болып, бірге басталады да, соңынан екіге: оң жəне сол жалпы ұйқы
артерияларына ажырайды. Аталған артериялар мойынның оң жəне сол
жақтарымен басқа қарай бағытталады.
Жылқыда ұйқы артериясының бағаны иық-бас артериясынан
дорсальды жауырын артериясы (a. scapularis dorsalis), терең мойын
артериясы (a. cervicalis profunda) жəне омыртқалық артерия (а. vertebralis)
жеке дара ажырағаннан кейін ғана бөлінеді.
Жалпы ұйқы артериясынан əр түрлі жануарлар денелерінің мойын
аумағына ортақ қан тамырларынан басқа да, жеке дара жануарларға тəн қан
тамырлары ажырайды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |