2. Краниальды құрсақ артериясы (краниальная брюшная артерия) —
a. abdominalis cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2 -нші бел омыртқалары
тұсынан, краниальды шажырқай артериясымен қатар ажырайтын жұп
артерия. Краниальды құрсақ артериясы бел жəне құрсақ бұлшық еттерін
артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Ерекшеліктері. Краниальды құрсақ артериясы үй жануарларының
ішінде тек ит пен шошқада ғана кездеседі.
3. Бел артериялары (поясничные артерии) — аа. lumbales — кұрсақ
қолқасының жоғарғы жағынан, жануарлардың бел омыртқаларының санына
сəйкес 5-7 жұп болып бөлінеді. Бел артерияларының соңғы жұбы құрсақ
қолқасынан артқы аяқтарға сыртқы мықын артериялары бөлінгеннен кейін
ажырайды. Омыртқалықжəне қабырғааралық артериялар сияқты дорсальды,
жұлындық жəне вентральды артерия тармақтарына тарамдалады. 1)
дорсальды тармақтар (rr. dorsales) дененің бел аумағының жазғыш
(дорсальды) бұлшық еттерін, жұлындық тармақтар (rr. spinales) — жұлын
қабықтарын, ал вентральды тармақтар (rr. ventrales) белдің вентральды
бұлшық еттерін тамырландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |