Ерекшеліктері. Жылқыда бауыр артериясынан ұйқы безіне
қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.
Күйіс кайтаратын жануарларда кұрсақ куысында орналасқан ішкі
мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш артериясының тармақтарға
бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның он жағымен өтетін құрсақ
қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш артериясының үзындығы
жануарлардың түріне байланысты мысалы, сиырда оның үзындығы 12 см,
қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды. Олар:
1) каудальды диафрагма артериясы, жануарларда тұрақты кездесе
бермейді;
2) бүйрекүсті безінің краниальды тармағы;
3) сол қарын артериясы, мес қарын мен жұмыршақтың аралығамен
өтеді. Ол қатпаршақ маңында қосымша жұмыршақ артериясын (a. gastrica
sinistra) бөледі де, ұлтабардың үлкен иініне қарай бағытталып. сол карын-
Достарыңызбен бөлісу: |