а) мықын-сан артериясы (a. iliaco-femoralis) бөлініп, одан өз кезегінде
бөксе бұлшық еттерін, санның төртбасты бұлшық етін жəне санның жалпақ
шандырын кергіш бұлшық етін тамырландыратын өрлеме артерия тармағы
(г. descendens) ажырайды.
ə) мықын сүйекті қоректендіргіш артерия (a. nutritia ilii) бөлінеді.
Жапқыш артериясы жамбас қуысынан шыққан бойда, латеральды жəне
медиальды артерия тармақтарына ажырайды. Латеральды артерия тармағы
жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бұлшық еттері мен санарты
бұлшық еттер тобын қоректендіреді. Ал медиальды артерия тармағы еркек
жануарларда ортаңғы жыныстық мүше артериясы (a. penis media) — деп
аталып, жыныстық қатынас мүшесін тамырландырады. Аталмыш артерия
ішкі жəне сыртқы жыныс артерияларыньщ тармақтарымен жалғасады. Ал
ұрғашы жануарларда бұл артерия ортаңғы клитор артериясы (a. clitoridis
media) — деп аталып, клиторды қоректендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |