Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бұл артерия ішкі мықын
артериясынан екінші, ал итте бірінші болып ажырайды.
2. Краниальды боксе артериясы (краниальная ягодичная артерия) — a.
glutaea cranialis — мықын сүйек қанатының алдыңғы (дорсальды) жиегі
тұсынан басталып, үлкен шонданай ойығы арқылы аттас жүйкемен бірге
бөксе бұлшық еттеріне барып, оларды тамырландырады. Барлық үй
жануарларында краниальды бөксе артериясы тым жақсы жетілген.
Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды бөксе артериясы мықын-бел
жəне жапқыш артерияларымен бірге бір артерия бағаны болып, ішкі мықын
артериясынан басталады.
Күйіс кайтаратын жануарларда краниальды бөксе артериясы ішкі
мықын артериясынан екінші, шошқада төртінші, ал итте екінші артерия
тармағы болып ажырайды.
3. Жапқыш артериясы (запирательная артерия) — a. obturatoria —
аттас жүйкемен бірге мықын сүйегінің денесі бойымен төмен қарай
бағытталып, жапқыш тесігі аумағындағы жапқыш бұлшық еттерін
тамырландырады. Жапқыш артериясынан:
Достарыңызбен бөлісу: |