ə) каудальды сан артериясы мен санның плантарлы бұлшық
еттерінің тармақтары.
Каудальды сан артериясы (a. femoris caudalis) сан артериясынан ортан
жіліктің төменгі бөлігі тұсында ажырап, балтыр жəне бақайдың беткей
бүккіш бұлшық еттеріне бағытталады да, аталған бұлшық еттерді
тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жылқыда каудальды сан артериясы: өрлеме жəне
төмендеген артерия тармақтарына ажырайды. Өрлеме артерия тармағы (г.
ascendens)
санның
төртбасты
бұлшық
етінің
латеральды
басын
тамырландырып, тірсек (ахилл) сіңірінің латеральды бетін коректендіретін
тармақ бөледі. Төмендеген тармақ (г. descendens) балтыр жəне бакайдың
беткей бүккіш бұлшық еттерін тамырландырып, тірсек сіңірінің медиальды
бетін қоректендіретін тармақ бөледі. Итте үш каудальды сан артериясы
болады. Олар: проксимальды, ортаңғы жəне дистальды артериялар.
Проксимальды каудальды сан артериясы жамбас-ортан жілік буынының
жакындатқыш бұлшык еттерін (сымбат жене аддуктор бұлшық еттері)
тамырландырады. Ал калған екеуі балтыр жəне бақайдың беткей бүккіш
бұлшык еттерін коректендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |