Морфология



Pdf көрінісі
бет924/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   920   921   922   923   924   925   926   927   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері.  Жылқыда  дорсальды  аяқ  басы  артериясы  тескіш 

тілерсек  артериясын  бөлгеннен  кейін,  IIІ  дорсальды  жіліншік  артериясы  — 

деп  аталады.  Жіліншіктің  орта  тұсында  III  дорсальды  жіліншік  артериясы 

дистальды тескіш тармақ ретінде, III жəне IV жіліншік сүйектердің арасымен 

аяқ  басының  дорсальды  бетінен  плантарлы  бетіне  шығып,  III  медиальды 

бақай артериясы болып жалғасады. 



Күйіс 

қайтаратын 

жануарларда 

асықты 


жіліктің 

алдыңғы 


артериясынан  алдыңғы  қайықшы  артериясы  мен  сиырда  II-IV,  қой  мен 

ешкіде  тек  III  жалпы  дорсальды  бақай  артерияларын  бөлгеннен  соң,  аяқ 

басының  дорсальды  артериясына  айналады.  Бұл  артерия  өз  кезегінде 

латеральды,  медиальды  жəне  тескіш  жіліншік  артерияларын  ажыратқаннан 

кейін, III дорсальды жіліншік артериясы болып жалғасады. 



Шошқада  асықты  жіліктің  алдыңғы  артериясы  сирақтың  краниальды 

бетін  қоректендіретін:  алдыңғы  асықты  жіліктің  қайтарма  артериясын  жəне 

сирақтың  сүйекаралық  артерияларын  бөледі.  Сүйекаралық  артерия  сирақ 

сүйектерінің  арасымен  дистальды  бағытта  өтіп,  асықты  жіліктің  алдыңғы 

артериясымен  қосылатын  тескіш  тармак,  ал  сирақтың  дистальды  бөлігінде 



419 

 

асықты жіліктің артқы артериясымен жалғасатын қосымша тармақтар бөледі. 



Қосымша  тармақтан  өз  кезегінде  медиальды  қайықша  тармаш  ажырайды. 

Аталған  тармақтар  бөлінгеннен  соң,  сүйекаралық  артерия  латеральды 

қайықша  тармақ  болып  жалғасады.  Сирақтың  дистальды  бөлігінде  асықты 

жіліктің  алдыңғы  артериясы  дорсальды  аяқ  басы  артериясы  —  деп  аталады. 

Ол  проксимальды  тескіш  тілерсек,  дистальды  тескіш  тілерсек  жəне  III 

дорсальды жіліншік артерияларына ажырайды. 



Итте асықты жіліктің алдыңғы артериясы краниальды кайтарма асықты 

жілік  тармағы  мен  беткей  тармақтар  бөлгеннен  кейін,  дорсальды  аяқбасы 

артериясына  айналады.  Өз  кезегінде  бұл  артерия  литеральды  жəне 

медиальды тілерсек жəне доға артерияларына ажырайды. Доға артериясынан 

II-IV  дорсальды  жіліншік  артериясы  бөлінеді.  Жіліншіктің  проксимальды 

бөлігінде  II  дорсальды  жіліншік  артериясынан  II  проксимальды  тескіш 

тармақ бөлініп, терең плантарлы доғамен қосылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   920   921   922   923   924   925   926   927   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет