кұрсақтың теріасты венасын (v. subcutanea abdominis) түзеді. Сиырдағы
бұл тамырды "сүт венасы" — деп атайды. Төссүйектің сүріншек (семсерше)
өсіндісі аумағында кұрсақтың теріасты венасы кекірек куысына өтіп, ішкі
көкірек венасына қосылады. Аталған веналардың қосылған жері тері арқылы
сипап байқауға болады. Тері астындағы "сүт венасы" көкірек куысына өтетін
осы тесікті құрылымды - "сүт құдығы" — деп атайды.
БАУЫРДЫҢ ҚАҚПАЛЬІҚ ВЕНАСЫ
Азық қорыту мүшелерінен жəне көкбауырдан вена қаны қақпалық
венаға (v. portae hepatis) жиналады. Қақпалық вена бауырдың қақпасы
арқылы бауырға еніп, бөлікаралық веналарға (w. interlobularis), олар өз
кезегінде бауыр бөлікшелерінің қан капиллярларына айналады. Бауыр
бөлікшелерінін орталығында қан капиллярлары бір-бірімен қосылып, бауыр
бөлікшесінің орталык венасын (v. centralis) құрайды. Орталық веналардан
вена каны бөлікшеасты веналарға (w. sublobularis) өтеді. Бөлікшеасты
веналар бауырдан вена қанын алып шығатын бауыр веналарын (w. hepaticae)
түзеді. Бауыр веналары вена қанын каудальды қуыс венаға құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |