Лимфа тамырлары (лимфатические сосуды) пішіні саусақ тəрізді
томпайып тұйық келген лимфа капиллярынан бастау алады.
Лимфа капиллярлары (лимфатические капилляры) тым жұқа
қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярларының
диаметрі 5 мкм -нен 100 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Себебі, олардың
қабырғалары жалаң қабат жалпақ келген эндотелий жасушаларынан
(эндотелиоциттерден) тұрады. Эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан
борпылдақ дəнекер ұлпасының коллаген талшықтарьшың арасында негіздік
жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа капиллярларының диаметрі қан
капиллярларына қарағаңда кең де, созылмалы болып келеді жəне оларды
қоршаған ұлпа сұйығы мен капиллярлар арасындағы зат алмасу процесі
жеңіл жүреді. Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа капиллярларының
куысына ірі молекулалы заттар, жасушалар мен олардың ірі бөліктері өтетін
саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплазмасыңда, лимфа
капиллярлары қабырғаларының жиырылу арқылы өткізгіштігін реттеп
отыратын актиңді микрофиламенттердің бар екендігі анықталды. Жануарлар
ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы мен зат алмасу ерекшеліктеріне
байланысты, лимфа капиллярлары тарілмекті жəне кеңілмекті торлар түзеді.
Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, көптеген лимфа торларын
құрайды. Лимфа капиллярларының жиі торлары, əсіресе, терінің шел
қабатында, ішкі мүшелер кілегейлі қабықтарында жəне буын қапшықтарында
кездеседі. Мида, жұлыңда, сұйектерде, гиалин шеміршегінде, көкбауыр
паренхимасында, тері эпидермисіңде, бауырда, көздің қасаң қабығы мен көз
бұршағында лимфа капиллярлары болмайды. Өз кезегінде лимфа
капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа тамырларын құрайды.
430
Достарыңызбен бөлісу: |