Морфология



Pdf көрінісі
бет952/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   948   949   950   951   952   953   954   955   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

адвентицияны борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. 

Орналасу  орнына  қарай  лимфа  тамырлары  беткей  жəне  терең  лимфа 



тамырлары  (vasa  lymphatica  superficialis  et  profunda)  болып  екіге  бөлінеді. 

Беткей  лимфа  тамырлары  терінің  астында  орналасады,  ал  терең  лимфа 

тамырлары  тамыр-жүйке  будаларының  құрамына  кіреді.  Лимфа  тамырлары 

дененің 


белгілі-бір 

аймақтарының 

орталығында 

орналасқан 

лимфа 

түйіндеріне,  сол  аймақтың  шеткі  жағынан  орталығына  қарай  радиальды 



бағытталады.  Сондықтан,  бұндай  лимфа  түйінін  аймақтық  немесе 

региондық лимфа түйіні — деп атайды. Бір региондық лимфа түйініне, осы 

аймақтың  жан-жағынан  лимфаны  алып  келетін  лимфа  тамырларының 

сыртқы  көрінісі  бір  агаш діңгегінен  тараған  ағаш  тамырларына ұқсас болып 

келеді.  Осындай  лимфа  тамырлар  жүйесін  лимфа  түйіндерінің  "түбірі"  — 

деп атайды. 

Лимфа  капиллярларына  өткен  ұлпа  сұйығын  немесе  лимфаны  лимфа 

түйіндеріне  алып  келетін  лимфа  тамырларын  əкелгіш  лимфа  тамырлары 



431 

 

(vasa  lymphatica  afferentia),  ал  лимфаны  лимфа  түйінінен  алып  шығатын 



лимфа  тамырларын  əкеткіш  лимфа  тамырлары  (vasa  lymphatica  efferentia) 

— деп атайды. Жануарлар денесіндегі əкеткіш лимфа тамырлары бір-бірімен 

қосылып, ең соңында екі ірі лимфа өзегін құрайды. Оларға: оң лимфа бағаны 

жəне  көкірек  өзегі  жатады.  Оң  лимфа  бағаны  (truncus  lymphaticus  dexter) 

лимфаны  дененің  бас,  мойын,  көкірек  керегесі  аумақтарының  оң  жағынан 

жəне  оң  алдыңғы  аяқтан,  ал  көкірек  өзегі  (ductus  thoracicus)  организмнің 

қалған бөлігінен жинайды. Лимфа өзектерінің сыртқы адвентиция қабығында 

тамырларды  бойлай  ұзынынан  орналасқан  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы 

миоциттерінің  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  аралықтары  арқылы    бөлінген 

шоғыр будалары болады.  Оң  лимфа бағаны  мен  көкірек өзегі  алдыңғы  қуыс 

венаға ашылады. 

Майда 


лимфа 

тамырларының 

қабырғасын 

қоректендіретін 

қан 

капиллярлары  торынан  құралған  тамырлар  тамыры  (vasa  vasorum),  ал  ірі 



лимфа тамырлары мен лимфа өзектері қабырғасында артериялар мен веналар 

болады. 


Лимфа түйіні (лимфатический узел) — lymphonodus (In.) — жануарлар 

денелерінің  белгілі  бір  аймағында,  əкелгіш  лимфа  тамырларының  бойында 

орналасып,  сол  аймақтан  немесе  мүшелерден  лимфаны  алып  шығатын 

құрылысы паренхималы мүше. Лимфа түйінінің атқаратын қызметі: 

1)  ұлпа  сұйығына  түскен,  организмге  жат  əр  түрлі  бөгде  заттар,  істен 

шыққан  жасушалар  қалдықтары,  микроорганизмдер  мен  олардың  улары 

(токсиндері),  лимфа  түйінінің  негізін  құрайтын  ретикулалы  ұлпа  арқылы 

механикалық жəне биологиялық сұзілуден өтеді; 

2)  лимфоциттер  мен  макрофагтардың  қатысуымен  бөгде  заттар,  істен 

шықкан  жасушалар  қалдықтары,  микроорганизмдер  мен  олардың  улары 

жойылып залалсыздандырылып отырады; 

3)  қан  жасау  қызметін  атқарады:  қан  жасушалары  —  лимфоциттер 

тұзіледі; 

4) қорғаныс қызметін атқарады: антиденелер түзіледі.  

Лимфа  түйіні  пішіні  негізінен  лобия  тəріздес  (кейде  басқаша),  сұр 

немесе  сары-сүр  түсті  болып  келеді.  Жануарлардың  түрлеріне  байланысты 

лимфа түйінінің мөлшері 0,2 см -ден 20 см -ге дейін болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   948   949   950   951   952   953   954   955   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет