Бастың лимфа түйіндері
1.Шықшат лимфа орталығы (околоушной лимфоцентр) – lc.
Parotideum – самай-төменгі жақ буынынан төмен, шықшат сілекей безінің
астыңғы жағында орналасады. Бұл орталық беткей жəне терең лимфа
түйіндерінен тұрады. Шықшат лимфоорталығы лимфаны бас аумағынан
жинап, жұтқыншақарты латеральды лимфа түйініне қарай өткізеді
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл орталықтағы лимфа түйіндерінің саны –
6-11. Сиырда лимфоорталықтың ұзындығы 5-7 см –дей, ұсақ малдарда
мөлшері кішірек болып келеді. Ол шықшыт сілекей безінің астында
орналасады. Шошқада бұл орталық 2-3 майда лимфа түйіндерінен тұрады.
Олардың орташа ұзындығы 3-6 см. Лимфа бұл орталықтан мойынның беткей
лимфа түйініне өтеді. Итте шықшыт лимфоорталығының ұзындығы 2,5 см.
Ол лимфаны жұтқыншақарты медиальды лимфа түйініне өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |