Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды лимфа түйіндері тобында
ұзындығы 0,4-2,5 см 30-40 майда лимфа түйіндері болады. Ортаңғы топта
кейде жекеленген, кейде 15-30 лимфа түйіндері бірігіп, лимфа түйіндерінің
тізбегін құрайды. Каудальды топты 20-30 -дай лимфа түйіндері құрайды.
Күйіс қайтаратын жануарлардың краниальды тобында 4-6, ортаңғы
тобында 1-7, ал каудальды тобында 2- 4 лимфа түйіндері болады. Шошқада
краниальды жəне ортаңғы топтардағы лимфа түйіндерінің саны тұрақты
емес, ал каудальды топта 2-6 лимфа түйіндері болады. Итте терең мойын
лимфа орталығының түйіндері тым майда, сандары əр түрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |