Морфология


АРТҚЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет481/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

АРТҚЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

 

Артқы  аяқтың  бұлшық  еттері  (musculi  membri  pelvini)  орналасу 

орындары мен буындардағы қозғалыстарды іске асыру сипатына байланысты 

жамбас-ортан жілік, тобық, тілерсек жəне бақай буындарының бұлшық еттері 

болып бөлінеді. 



Жамбас-ортан  жілік  буыны  (articulatio  coxae)  құрылысы  қарапайым, 

көпбілікті  буын.  Бұл  буын  жамбассүйектің  ұршық  шұңқыры  мен  ортан 

жіліктің  басынан  құралған.  Жамбас-ортан  жілік  буыны  көп  білікті 

болғандықтан,  буынға  барлық  бұлшық  еттер  топтары  əсер  етеді.  Жамбас  -

ортан  жілік  буынының  бұлшық  еттері  жануарлар  денесінің  бөксе  жəне  сан 

аумақтарында  орналасып,  олардың  кейбіреулерінің  сіңірлі  ұштары  сирақ 

аумақтарында аяқталады. 

Экстензорлар.  Жамбас-ортан  жілік  буынының  жазғыш  бұлшық  еттері 

орналасу  орындарына  сəйкес:  бөксе  жəне  санарты  бұлшық  еттер  топтары 

болып екіге бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет