2. Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті (m. flexor digitorum profundus)
білек сүйектерінің пальмарлы бетінде орналасады. Оның тоқпан жіліктік,
кəрі жіліктік жəне шынтақтык бастары болады. Бұлшық ет тоқпан жіліктің
медиальды айдаршыкүстінен, кəрі жілік пен шынтақ сүйектің проксимальды
бастарынан басталып, бір-бірімен бірігеді де, бұлшық ет сіңірі бақайдың
санына сəйкес ажырап, тұяқ (тырнақ) сүйектерде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқьіда бақайдың терең бүккіш бұлшық етінің сіңірі
тұяқтың жазғыш бетіне бекиді. Сиыр мен ұсақ малдарда бұлшық еттің
жалпы сіңірі III жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Шошқада бұлшық
еттің тоқпан жіліктік басының өзі беткей жəне терең бөліктерге ажырайды
да, III жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Итте бұлшық еттің жалпы
сіңірі I -ден V бақайларға арналған тармақтарға ажырайды.
Қызметі. Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті бақай (тырнақ) буындарын
бүгеді, ал тоқпан жіліктік басы тізені жазғыш шынтақ бұлшық етіне
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |