Морфология



Pdf көрінісі
бет78/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   1132
Біріншілік  лизосомалар  —  мөлшері  0,2  -  0,5  мкм,  қуысындағы 

ферменттік  заттары  біркелкі,  белсенді  қышқыл  фосфатазаға  бай,  ұсақ 

жарғақты  көпіршіктер.  Бұлар  гранулалы  эндоплазмалық  тордың  шеткі 

ұштарында түзіледі. 



Екіншілік  лизосомалар біріншілік  лизосомалардың жасушадағы басқа 

заттармен  қосылуы  нəтижесінде  түзіледі.  Екіншілік  лизосомалардың  2  түрі 

болады.  Егер  біріншілік  лизосомалар  фагоцитоз  немесе  пиноцитоз  кезінде 

жасушаға 

енген 

бөгде 


заттармен 

қосылатын 

болса, 

онда 


олар 

фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар, ал істен шыққан жасушаның 

өз  органеллаларымен  байланысқан  жағдайында  аутофагосомалар  —  деп 

аталады.  Екіншілік  лизосомалар  ферменттерінің  көмегімен  қосылған 

заттардың  күрделі  биополимерлерін  мономерлерге  ыдыратып,  жасуша 

гиалоплазмасына өткізеді. 

Телолизосомалар  немесе  қалдық  денешіктер  екіншілік  лизосомалар 

қуысына жиналған қорытылмаған заттардан пайда болады. 



Пероксисомалар  —  биологиялық  жарғақпен  қапталған,  мөлшері  0,2  - 

0,5 мкм шар тəрізді денешік. Пероксисома қуысында каталаза жəне оксидаза 

ферменттері  жинақталған.  Каталаза  жасушалар  үшін  улы  зат  —  сутегтің 

асқын  тотығын  (сутег  перекисі)  ыдырату  арқылы  қорғаныс  қызмеұлпа 

атқарады.  Сонымен  қатар,  ол  жасушадағы  холестериннің  алмасуына  жəне 

стероидтардың  түзілу  процесіне  қатысады.  Оксидаза  амин  қышқылдарының 

алмасу процестерін реттейді. 



58 

 

Рибосомалар — жасушадағы белоктардың түзілуін қамтамасыз етеұлпа, 

құрамы  күрделі  рибонуклеопротеидтерден  тұратын  мөдшері  20  -  25нм  ұсақ 

денешіктер. Рибосомаларды 1958 жылы Робертс ашқан. Олар екі: үлкен жəне 

кіші  суббірліктерден  құралған.  Эндоплазмалык  тор  жарғағына  жанаса 

орналасқан  рибосомалар  жасушадан  сыртқа  шығарылатын  белоктарды,  ал 

гиалоплазмадағы  бос  рибосомалар  жасушаның  өз  мұқтажына  керекті 

белоктарды  синтездеуге  қатысады.  Рибосомалар  кешенін  полирибосомалар 

(полисомалар) — деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет