453
гуморальды иммунитетке жауапты қапшыққа (бурсаға) тəуелді В —
лимфоциттер дамып, қан арқылы лимфа түйіндері мен көкбауырдың В —
лимфоциттер аймақтарына барып қоныстанып, антиденелер түзгіш əсерлі
плазмоциттерге айналады.
Клоака қапшығы клоаканың жоғарғы қабырғасыңда орналасқан, іші
куыс қалта тəрізді құрылым. Оның ішкі бетіңдегі қатпарланған кілегейлі
қабығы көпқатарлы призма тəрізді эпителиймен астарланған. Қапшықтың
қатпарланған кілегейлі қабығыңда: сыртқы қыртысты, ішкі бозғылт
заттардан құралған, бір-біріне тығыз жатқан майда лимфа түйіншелері
болады. Түйіншелердің негізін құрайтын өсінділі торлы-эпителиоциттер
аралықтарында, қыртысты затында тығыз жатқан кіші лимфоциттер, ал
бозғылт затында ірі жəне орташа лимфоциттер орналасады.
Сүтқоректі жануарларда, ғалымдардың болжамы бойынша, клоака
қапшығының қызметін ашы ішектер кілегейлі қабығындағы лимфа
түйіншелері атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: