Морфология



Pdf көрінісі
бет1003/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   999   1000   1001   1002   1003   1004   1005   1006   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Лимфа  тұйіндері  туралы  толыққанды  мəлімет  лимфа  айналым 

жүйесінде берілген. 

 

КӨКБАУЫР (ТАЛАҚ) 

 

Көкбауыр  —  жануарлардың  құрсақ  қуысында,  бірбөлімді  қарынның 

үлкен  иінінде,  көпбөлімді  қарынның  мес  қарынына  жанаса  орналасқан, 

пішіні  ұзынша  доғалдау  келген,  көкшіл  қызыл-қоңыр  түсті  шеткі  қан  жасау 

жəне  қорғаныс  мүшесі.  Көкбауырда  организмге  сырттан  түскен  əр  түрлі 

антигендер,  ескіріп  қызметінен  айырылған  эритроциттер  мен  қан 

табақшалары  жойылады.  Ыдырап  жойылған  эритроциттер  құрамындағы 

гемоглобиннен  биллирубин  мен  құрамында  темір  бар  трансферрин  түзіледі. 

Биллирубин  бауырға  өтіп,  өт  пигменттеріне  айналады.  Ал  темірлі 

трансферринді  макрофагтар  өздеріне  сіңіріп  алып,  қайтадан  жаңа 

эритроциттерді түзу процесін темірмен қамтамасыз ету үшін, сүйектің қызыл 

кемігі майына тасымалдайды. Бұнымен қатар, организмдегі жасушалық жəне 

сұйықтық  иммунитеттердің  қалыптасуына  қатысып,  сүйек  майларындағы 

эритроциттердің түзілу процесі деңгейін төмендететін биологиялық белсенді 

зат бөледі. Көкбауырдың лимфа түйіншелеріндегі Т — жэне В — аймақтарда 

тиісті  антигендерге  карсы  дамып  жетілген  эффекторлы  Т  —  жəне  В  — 

лимфоциттер  мен  иммундыглобулиндер  түзетін  плазмоциттер  дамиды. 

Қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% -ы көкбауырда қорланады. 

Эмбриондық  кезеңде  көкбауыр  жоғарғы  шажырқай  мезенхимасынан 

дамиды. Мезенхимадан көкбауырдың сыртқы қапшығы мен одан ішке қарай 

торлана  таралатын  көкбауыр  перделіктер  жəне  стромасының  негізін 

құрайтын  ретикулалы  ұлпа  калыптасады.  Ұрықтық  дамудың  алғашқы 

кезеңдерінде  көкбауыр  стромасына  миелоидты  ұлпа  қоныстанып,  онда 

эритроциттер,  гранулоциттер  мен  мегакариоциттер  дамиды.  Соңынан 

орталық  қан  жасау  мүшелерінен  лимфоидты  ұлпа  жасушалары  орталық 




454 

 

артериялар маңына қоныстанып (алдымен Т — лимфоциттер, кейіннен В — 



лимфоциттер),  миелоидты  қантүзілуді  лимфоидты  қантүзілу  алмастырады. 

Көкбауырда  лимфа түйіншелерімен  қатар бір кезеңде, оның  қызыл жұмсағы 

(пульпасы) да қалыптасады. 

Көкбауыр құрсақ куысында орналасады. Ол сыртынан ішпердемен жəне 

оның  астындағы  тығыз  дəнекер  ұлпалық  қапшыкден  қапталған.  Қапшықтан 

көкбауырдың  ішіне  қарай  бір-бірімен  торлана  байланысқан  перделіктер 

таралады.  Көкбауырдың  тірек  —  жиырылтыштық  құрылымын  құрайтын, 

оның  сыртқы  қалшығы  мен  перделіктерін  тығыз  дəнекер  ұлпасының 

коллаген жəне эластин талшықтары мен олардың аралықтарындағы бірыңғай 

салалы  ет  ұлпасы  миоциттерінің  шоғырлары  жасайды.  Сондықтан, 

көкбауырдың  қабырғасы  созылмалы  да  серпімді  келеді  жəне  жиырылып, 

ішіндегі  қанды  қан  тамырларына  айдайды.  Қапшығы  мен  перделіктердің 

калындығы  көкбауырдың  барлық  жерлерінде  бірдей  болмайды,  қақпа 

тұсында  олар  калыңдау  келеді.  Кақпа  перделіктері  арқылы  көкбауырды 

қоректендіретін  қан  тамырлары  (перделік  артерия  мен  вена)  мен  жұмысын 

реттейтін  жүйкелер  еніп—шығып  жатады.  Перделік  венасында  ет  қабығы 

болмайды.  Қапшық  пен  перделіктер  аралықтарында  көкбауырдың  ақ  жəне 

қызыл жұмсақтары орналасады. Олардың негізін ретикулалы ұлпа кұрайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   999   1000   1001   1002   1003   1004   1005   1006   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет