456
2.Сүйектің қызыл кемігі майының жануарлар организмдеріндегі орны, маңызы жəне
құрылысы.
З.Айырша бездің организмдегі орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
4.Құс клоака қапшығының орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
5.Көкбауырдың орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
б.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз.
XIII тарау. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Жүйке (нерв)
жүйесі (нервная система) жануарлар организмдерінің
қоршаған ортаға бейімделуін жəне мүшелер жүйелері қызметтерінің
біртұтастығын реттейді. Жүйке жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін
neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім)— деп
атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Рефлекс — сыртқы немесе ішкі орта əсерлеріне организмнің жауап қайтару
реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерінін негізгі бөлігін жүйке ұлпасы құрайды.
Жүйке жүйесі оранизмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен
құрылысына сəйкес: орталық жəне шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: