бел бөлімдерінде жұлын жуандаулары (intumescentia cervicalis et lumbalis)
жетілген. Бел бөлімінен кейін жұлын сүйірленіл, жұлын конусын (conus
medularis) түзеді. Ол одан əрі құйрыққа қарай тым жіңішкеріп, 1 -2 -нші
құйрық омыртқалары тұсында соңғы жіпке (filum terminale) айналады.
Жулынның жоғарғы арқа жағында ұзынынан өтетін орталық дорсальды сай
(sulcus medianus dorsalis) жəне оның екі. жағындағы оң жəне сол дорсальды
латеральды сайлар (sulci laterales dorsales) болады. Ал төменгі бетінде де,
жұлынның ұзын бойында жатқан терең орталық вентральды саңылау
(fissura mediana ventralis) жəне оның екі бүйіріндегі оң жəне сол вентральды
латеральды сайлар (sulci laterales ventrales) бар.
465
Достарыңызбен бөлісу: |