Морфология


ЖҰЛЫН МЕН МИДЫҢ СЕЗІМТАЛ ТҮЙІНДЕРІ



Pdf көрінісі
бет1017/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   1020   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

ЖҰЛЫН МЕН МИДЫҢ СЕЗІМТАЛ ТҮЙІНДЕРІ 

(ГАНГЛИЙЛЕРІ) 

 

Сезімтал  ганглийлер  ганглионды  пластинкалардан  дамып  жетіліп, 

жұлын  мен  мидың  дорсальды  жұп  сезімтал  жүйке  түбіршіктері  бойында 

орналасады.  Сезімтал  ганглий  сыртынан  дəнекер  ұлпалы  қапшықпен 

қапталған.  Қапшықтан  ганглий  паренхимасының  ішіне  дəнекер  ұлпалық 

перделіктер  кіріп,  мүше  ішінде  бір-бірімен  өзара  жалғасып,  сезімтал 

ганглийдің стромасын түзеді. Строма аркылы жүйке түйінін қоректендретін 

қан  жəне  лимфа  тамырлары  өтеді.  Ганглий  паренхимасын  түйіннің  шеткі 

жағында 

топтаса 


орналаскан 

сезімтал 

жалған 

бір 


өсінділі 

(псевдоуниполярлы)  нейроциттер  жəне  ганглий  орталығымен  өтетін,  осы 




464 

 

сезімтал  нейроциттер  өсіңділерінен    (дендриттерден,  аксондардан)  түзілген 



жүйке  талшықтары  құрайды.  Сезімтал  нейроциттің  дендриті  мен  аксоны, 

оның денесінен бірігіп басталады да, біраз аралықтан соң, Т əрпі секілді екіге 

ажырайды.  Нейроциттер  дендриттері  түйіннен  шығып,  жұлынның  аралас 

жүйкелері құрамында шетке қарай бағытталып, тері сезімі рецепторларында, 

ал  ми  жүйкелері  құрамындағы  сезімтал  жүйке  талшықтары  бастың  терісінің 

рецепторларында  аяқталады.  Нейроциттер  аксондары  жұлынның  дорсальды 

сезімтал 

түбіршігін 

түзіп, 

жұлынға 


енеді. 

Ганглийдегі 

сезімтал 

нейроциттердің денелері сыртынан бір қабат глия жасушаларымен қоршалып 

жатады.  Бұларды  мантий  глиоциттері  —  деп  атайды.  Глиоциттердің 

дөңгелекше  келген  ядролары  нейроцит  денесінің  сыртында  бір  қатарда 

орналасады.  Өз  кезегінде  глиальды  қабық  сыртынан  жіңішке  талшықты 

дəнекер  ұлпалық  қабықпен  қапталған.  Дəнекер  ұлпалық    қабықтың 

жасушалары ядроларының пішіні сопақ болып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   1020   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет