Дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы дорсальды мүйіздің ортаңғы
бөлігінде орналасады. Бұл ядроның байланыстырғаш нейроциттерінің
аксондары вентральды ақ дəнекерлік арқылы жұлынның қарама-қарсы
жағыңдағы ақ заттың бүйірлік арқаншаларына отіп, жұлын-мишық жəне
жұлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзуге кдтысады.
Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы
нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жұлынның ақзатының өз
жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жұлын-мишық жолын
түзеді де, мишыққа дейін көтеріледі.
Дорсальды мүйізде бұлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті
жəне комиссуральды нейроциттер шашыла орналасып, ассоциативті
нейроциттердің аксондары сұр заттың өз жағындаға нейроциттермен, ал
комиссуралды нейроциттердің аксондары сұр заттың қарама-қарсы
жағындағы нейроцитгермен синапс арқылы жалғасады.
Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) жəне
латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |