ішкі нейроциттер, 3) аксондары жұлынның ақ затында, оның сегментаралық
немесе жұлын мен ми аралығындағы өткізгіш жоддарын түзетін шоғырлы
нейроциттер.
Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшықтары
жəне нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын
бөліктерге бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат, желатин
тəрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы жəне кеуде ядросы бөліктері
ажыратылады.
Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда
шоғырлы нейроциттер құрайды.
Желатин тəрізді зат негізінен нейроглиядан тұрады. Бұл жерде аздаған
ұсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тəрізді зат жəне
олардың аралықтарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер
жұлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жұлынның сұр затының
вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жұлын
ішіндегі рефлекторлық доғаны тұйықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |