Морфология



Pdf көрінісі
бет1034/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1030   1031   1032   1033   1034   1035   1036   1037   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

пирамидалар  айқасын  (decussacio 

pyramidum)  жасайды.  Сопақша  мидың  құрылысы  біршама  жұлынның 

құрылысына  ұқсас,  яғни  сыртқы  жағында  ақ  зат,  ішкі  жағында  сұр  зат 

орналасады. Бірақ, оның сұр заты жұлындағыдай біртүтас емес. Ол ақ заттық 

аралықтар  аркылы  көптеген  сұр  заттық  аралшықтарға,  яғни  сопақша  мидың 

сұр  заттық  орталықтарына  (ядроларына)  бөлінеді.  Бұлар  организмнің 

тіршілігіне  тым  қажет  вегетативті  орталықтар  құрайтын  нейроциттер 

ядролары.  Аталған  вегетативті  ядроларға:  жүрек  соғу,  тыныс  алу,  тер  белу, 

сілекей белу,  шайнау,  жұту,  copy,  көз  жасын  белу,  ас  қорыту  сөлдерін белу, 

құсу,  кекіру,  күйіс  қайтару,  түшкіру,  жетелу,  көз  жыпылықтау  орталықтары 

жатады.  Сопақша  мидың  сұр  заты  вегетативті  ядролардан  басқа,  қызметіне 

сəйкес 


топтасқан 

нейроциттер 

перикариондарынан 

(нейроциттер 

дəнелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал жəне қозғалтқыш сұр заттық 

ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалғасып жатқан, пішіні 

əр  түрлі  нейроциттерден  жəне  олардың  жүйке  талшықтарынан  құралған 

торлы құрылым (formatio reticularis) болады. Бұл құрылым сопакша мидан 

ортаңғы мига, одан əрі аралық мига дейін созылып жатады. Торлы құрылым 

аталған  ми  белімдері  орталықтарын  өзара  байланыстырып,  үйлестіру 

кызметін  атқарады.  Бұған  қоса,  ол  тыныс  алу  жəне  жүрек-тамырлар 

жүйесінің  орталығы  қызметін  де  атқарады.  Сопақща  мидың  ми  жүйкелері 

ядроларынан: 6 -ншыдан 12 -нші жұпқа дейінгі, барлығы 7 жұп ми жүйкелері 

шығады.  Сопақша  мидың  жоғарғы  бетінде  төртінші  ми  қарыншасының  түбі 

болып  саналатын,  пішіні  ромбыға  ұқсас  шұңқыр  болады.  Сопақша  ми 

мишықпен,  оның  артқы  аяқшасы  (pedunculus  cerebellaris  caudalis)  арқылы 

жалғасады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1030   1031   1032   1033   1034   1035   1036   1037   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет