470
төртінші ми қарыншасының түбінде, сезімтал ядролар сопақша ми сұр
затының сыртқы латеральды жағында (сынаша жəне жұқа шоғырлар
ядролары, үшкіл жəне есту жүйкелерінің ядролары), ал қозғалтқыш
ядролар оның медиальды жағында орналасады. Сопақша мида жүйке
толқындарын мидың басқа бөлімдеріне ауыстырып қосып, жалғастырып
тұратын нейроциттер ядролары да болады. Солардың бірі зəйтүн (олива)
ядросының нейроциттерінде мишық, ортаңғы мидың қызыл ядросы, торлы
(ретикулалы) құрылым жəне жұлын нейроциттерінің аксондары синапспен
аякталады.
Өз
кезегінде
зəйтүн
ядросының
ірі
мультиполярлы
нейроциттерінің аксондары мишық пен көру темпегі нейроциттерімен синапс
арқылы жалғасады. Сопақша мидың орталығында, жоғарыда баяндалғандай,
ми бөлімдерінің жүмыстарын үйлестіру қызметін атқаратын торлы құрылым
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: