Морфология


Соңғы  ми  (telencephalon)  терең  ұзынша  үлкен  ми  саңылауымен



Pdf көрінісі
бет1044/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1040   1041   1042   1043   1044   1045   1046   1047   ...   1132
Соңғы  ми  (telencephalon)  терең  ұзынша  үлкен  ми  саңылауымен 

(fissura longitudinalis cerebri) бөлініп, бір-бірімен саңылаудың түбіндегі күсті 

дене  арқылы  өзара  байланысып  жаткан  оң  жəне  сол  жартышарлардан 

(hemispherium dextrum et sinistrum) немесе үлкен ми сыңарларынан тұрады. 

Əрбір үлкен  ми  сыңары  ми  жабынынан,  иіс  миынан, жолақты денеден жəне 

бүйірлік  ми  карыншасынан  тұрады.  Бүйірлік  ми  қарыншасының  куысы 

карыншалараралық  тесік  арқылы  үшінші  ми  қарыншасы  қуысымен 

жалғасады, 



Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол 

иіс  баданасынан  —  bulbus  olfactonus  (сұр  заттан  тұрады,  біріншілік  иіс 

орталығы),  латеральды  жене  медиальды  иіс  жолдарынан  —  tractus 

olfactorius lateralis et medialis (өткізгіш жолдар), иіс үшбұрышынан, алмұртша 

бөліктен  құралған.  Иіс  үшбұрышы  (trigonum  olfactorium)  мен  алмұртша 



бөлік (lobus piriformis) сұр заттан тұрады. Бұлар екіншілік иіс орталығының 

қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке талшыктарынан құралған 

латеральды  жəне  медиальды  иіс  жолдары  сұр  заттан  тұратын  латеральды 



475 

 

жəне  медиальды  иіс  қатпарларын  (gyrus  olfactorius  lateralis  et  medialis) 



сыртынан  қаптай,  біріншілік  иіс  орталығы  иіс  баданасын,  екіншілік  иіс 

орталықтары  иіс  үшбұрышымен  жəне  алмұртша  бөліклен  байланыстырады. 

Иіс  үшбұрышы  латеральды  жəне  медиальды  иіс  жолдарының  арасында 

жатады. Латеральды иіс жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы жол 

бойы иісмаңы алаңын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды 

бетіне  өтеді.  Латеральды  жəне  медиальды  иіс  жолдары  қабылданған 

тітіркеністі  иіс  баданаларындағы  біріншілік  иіс  орталықгарынан,  иіс 

қатпарларына,  иіс  үшбұрыштарына,  иісмаңы  алаңдарына,  алмұртша 

бөліктердің сұр затындағы екіншілік иіс орталықгарына, одан əрі аралық ми 

гипоталамусына  жəне  ортаңғы  миға  өткізеді.  Алмұртша  бөліктің  ішіндегі 

қуысы  —  бүйірлік  ми  қарыншасының  артқы  жалғасы.  Алмұртша  бөліктің 

ішкі қабырғасында аммон мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті арткы 

жəне ішкі жақтарынан гиппокамп саңылауы (fissura hippocampi) шектейді. 

Гиппокамп  (hippocampus)    гаппокамп  саңылауы  мен  алмұртша  бөлік 

аумағындағы  ми  қыртысының  қатпары.  Гиппокамптың  жоғарғы  беті 

жолақты  дененің  құйрықгы  ядросынан  кейінгі  бүйірлік  ми  қарыншасының 

түбін  құрайды  жəне  ол  құйрықгы  ядродан  бүйірлік  қарыншаның  тамырлы 

ерімі арқылы бөлінген. Гиппокамп ми қыртысының қатпары ретінде, төменгі 

бағытта  сыртқы  жəне  артқа  карай  орақ  тəрізді  иіліп,  алмұртша  бөлікпен 

жалғасып кетеді. Ал оның көру төмпегінен жоғары жатқан алдыңғы ұшы — 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1040   1041   1042   1043   1044   1045   1046   1047   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет