Морфология


қыртысының  (neocortex  s.  neopallium)  бөліктері.  Күмбездің  өткізгіш  жолдары гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен



Pdf көрінісі
бет1046/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1042   1043   1044   1045   1046   1047   1048   1049   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қыртысының  (neocortex  s.  neopallium)  бөліктері.  Күмбездің  өткізгіш 

жолдары гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен (софив mamillare) 

байланыстырады. 

Үлкен  ми  сыңарларының  төменгі  бетінен:  иіс  баданалары,  иіс  жолдары 

мен  иіс  қатпарлары,  иіс  үшбұрышы  жəне  алмұртша  белік,  ал  олардың 

медиальды  бетінен:иісмаңы  алаңы,  гиппокамп  катпары,  белдеу  қатпары 

көрінеді.  Бүйірлік  ми  қарыншасының  түбін:  жолақты  дененің  құйрықты 

ядросы,  аммон  мүйізі  жəне  күмбез  құрайды.  Иіс  миының  лимбикалық 



жүйесі  (pars  limbica  rhinencepha-lon)  белдеу  қатпарынан,  гиппокамптан, 

күмбезден жəне жолақты дененің бадамша ядросынан тұрады. 



Жолақты  дене  (corpus  striatum)  —  үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының 

астында жатқан, сұр жəне ақ заттардың аралас орналасуынан түзілген, тарихи 




476 

 

дамуы  жағынан  жаңа  ми  қыртысына  (neocortex)  қарағанда  көне  ми  бөлігі. 



Жолақты  дене  бүйірлік  ми  карыншасының  төменгі  кабырғасын  кұрайды. 

Оның  сұр  затын  қүйрықты  ядро,  жасымықша  ядро,  шарбақша  ядро  жəне 

бадамша дене құрайды. Сұрзаттық құрылымдарды бір-бірінен бөліп тұратын 

ақзаттық аралықтар орналасу орындарына қарай: ішкі жəне сыртқы қабықтар 

(капсулалар)  —  деп  аталады.  Аталған  қабықтар  —-  миелинді  жүйке 

талшықтарынан түзілген проекциялық өткізгіш жолдар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1042   1043   1044   1045   1046   1047   1048   1049   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет