Морфология



Pdf көрінісі
бет1053/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1049   1050   1051   1052   1053   1054   1055   1056   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Полиморфты  қабат  пішіні  əр  түрлі  нейроциттерден  тұрады.  Олардың 

дендриттері  үлкен  ми  қыртысының  молекулалы  қабатына  дейін  өтеді,  ал 

аксондары ақ заттағы эффекторлы өткізгіш жолдарды жасауға қатысады. 

Ми  жабыны  ақ  затының  құрылысы.  Үлкен  ми  қыртысының 

астындағы  ақ  затты  жоғарыда  баяндалған  ми  қыртысы  қабаттарының 

нейроциттері  өсінділерінен  түзілген  миелинді  жүйке  талшықтары  құрайды. 

Олар  əр  түрлі  бағытта  өтіп,  ми  бөлімдерін  өзара  жəне  ми  орталықтарын 

жұлын орталықтарымен жалғастыратын өткізгіш жолдар түзеді. Ми жабыны 

ақ  затының  өткізгіш  жолдарына:  үлкен  ми  сыңарларының  өз  жағындағы  ми 

қыртысы  бөлімдерін  өзара  байланыстыратын  ассоциативті  жолдар,  үлкен 

ми  сыңарларының  екі  жақтағы  ми  қыртысы  бөлімдерін  бір-бірімен 

жалғастыратын комссуральды жолдар жəне ми қыртысы бөлімдерін төменгі 

ми  бөлімдері  жəне  жұлын  орталықтарымен  байланыстыратын  проекциялы 



жолдар  жатады.  Проекциялық  жолдар  құрамына  жолақты  денедегі  сыртқы 

жəне  ішкі  ақзаттық  қабықтар  да  кіреді.  Жүйке  толқытарын  өткізу 

бағыттарына  қарай,  проекциялық  жолдар:  афферентгі  (орталыққа  тепкіш) 

жəне эфферентті (орталықтан тепкіш) болып екі топқа бөлінеді. 

Аралық ми мен соңғы миды біріктіріп, алдыңғы ми — деп те атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1049   1050   1051   1052   1053   1054   1055   1056   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет