Алдыңғы жəне артқы көкірек жүйкелері (nn. pectorales craniales et
caudalis) иық белдеуінің бұлшық еттерін жəне терісін жүйкелендіреді.
Көкірек жүйкелері (nn. thoracici) көкірек керегесі аумағын
жүйкелендіреді көкірек жүйкелерінің вентральды тармақтары жүйке торабын
жасамайды. Олар қабырғаралық жүйкелер (nn. intercostales)— деп аталады
да, аттас артериялар жəне веналармен бірге қабырғалардың тамырлы
сайында жатады. Тек, соңғы жүйке құрсақ қабырғасын жүйкелендіреді де,
қабырға-кұрсақ жүйкесі (n. costo-abdominalis) деп аталады. Қабырғаарадық
жүйкелердің латеральды тармақтары теріасты бұлшық еттерін жəне
көкірек пен құрсақ қабырларының терісін жүйкелеңдіреді. II жəне III
қабырғааралық жүйкелердің латеральды тармақтары иық жүйке латеральды
көкірек жүйке тармақтарымен қосылып, қабырға-иық жүйкесін (n.
costobrachialis) түзіп, жауырын мен иық аумақтарын теріасты бұлшық еті мен
терісін жүйкелендіреді
Достарыңызбен бөлісу: |