Кəрі жілік жүйкесі (n. radialis) шынтақ, тізе жəне бақай буындарының
жазғыш бұлшық еттерін, буындарды жəне сол аумақтардағы теріні
жүйкелендіреді. Оның соңғы тармақтары дорсальды бақай жүйкелеріне
айналады.
Бұлшық ет-тері жүйкесі (п. musculo - cutaneus) шынтақ буынынын
бүккіш бұлшық еттері мен білек аумағының ішкі бетіндегі теріні
жүйкелендіреді.
Шынтақ жүйкесі (n. ulnaris) тізе жəне бақай буындарының бүккіш
бұлшық
еттерін,
буындарды,
тоқпан
жілік
пен
шынтақ
сүйекті
жүйкелендіреді.
Орталық жүйке (n. medianus) тізе жəне бақай буындарының бүккіш
еттерін жүйкелендіреді. Жіліншік аумағыңда ол латеральды жəне медиальды
пальмарлы жүйкелерге ажырайды да, одан əрі пальмарлы бақай жүйкелеріне
айналып, сол аумақтардағы сүйектерді, буындарды, бұлшық еттер сіңірлері
мен терісін жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |