Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері (эмбриогенез)
Ұрықтану жəне оның биологаялық маңызы. Ұрықтану — аталық
жəне аналық жыныс жасушаларының (сперматозоидтар мен овоциттер)
қосылып, бір жасушалы жаңа организм — зиготаның түзілу процесі. Ол —
эмбриондық дамудың бірінші кезеңі. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы —
зиготада хромосомалардың саны екі еселенеді де, диплоидты жиынтыққа
ауысады. Демек, ДНК -ның массасы да екі еселеніп (жартысы — аналық, ал
жартысы — аталық жыныс жасушаларынан) көбейеді, оның зат алмасу
белсенділігі артады. Ұрықтану күрделі биологиялық процесс. Ол түрлі
жануарларда əр түрлі жүреді. Суда тіршілік етеұлпа жануарларға сыртқы
ұрықтану тəн.
Достарыңызбен бөлісу: |