қабықта көздің түсін анықтайтын пигментті жасушалар жəне оның
ортасындағы тесік — қарашықты (pupilla) тарылтып жəне кеңейтіп тұратын
бірыңғай салалы ет жасушалары миоциттер болады. Көз алмасының
сəулесындырғыш мөлдір ортасына қасаң қабық алдыңғы жəне артқы
камералардағы көз сұйығы, көз бұршағы (lens) жəне шыны тəрізді дене
(corpus vitreum) жатады.
Көздің қорғаныс жəне көмекші мүшелеріне көз шарасы, көздін жарғақты
қапшығы, бұлшық еттері, көз майы мен шандыры, көздін жоғарғы жəне
төменгі қабақтары мен көзжасы аппараты жатады. Көзжасы аппараты
көзжасы безінен, көзжасы көлінен, көзжасы тесігінен, көзжасы қапшығынан
жəне мұрын куысына ашылатын мұрын-көзжасы өзегінен тұрады.
Касаң қабық қурылысы мен химиялық құрамы ерекше, қалыңдығы 0,8-
1,1 мм көздің алдыңғы бетіндегі мөлдір қабық. Оның жарық сындырғыш
корсеткіші - 1,37. Қасаң қабық бес: алдыңғы эпителий алдынғы шекаралық
пластинка, қасаң қабықтың өзіңдік заты, артқы шекаралық пластинка, артқы
эпителий қабаттарынан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |