492
орналасады. Оның негізін гликозаминогликандардың түрі кератинсульфаттар
түзеді. Қасаң қабықтың ақ
қабықка өтетін шекаралық жиегін
лимба — деп
атайды.
Артқы шекаралық пластинка қалыңдығы 5-10 мкм, диаметрі 10 нм
коллаген талшықтары мен аморфты заттан құралған талшықты құрылым.
Артқы
эпителий
бірқабатты
жалпақ
эпителийден
тұрады.
Эпителиоциттерінің пішіні көпбұрышты болып келеді. Қасаң қабықта қан
тамырлары болмайды. Ол көздің алдыңғы камера сұйығы жəне лимба қан
тамырлары арқылы қоректенеді.
Ақ қабық (склера)— қалыптасқан тығыз дəнекер ұлпасынан құралған,
қалыңдығы 0,4-0,6 мм көздің сыртқы қабығы. Дəнекер ұлпасын бір-бірімен
параллельді, бір бағытта тығыз орналасқан коллаген талшықтарының
шоғырлары мен олардың аралықтарында бір қатарда жатқан фиброциттер
кұрайды. Ақ жəне қасаң қабықтар аралығындағы лимба аймағында ақ
қабықтың коллаген талшықтарының шоғырлары аралықтарында бір-бірімен
тарамдала байланысқан куыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық
қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Ақ қабықтың ішкі бетінің нұрлы
қабықка өтетін бұрышты аймағыңда, көздің алдыңғы камерасы сұйытының
ақ қабықтың веналық қойнауына ағып өтуін қамтамасыз ететін қырлы
байлам орналасады. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін көздің кілегейлі қабығы
қаптап жатады, ал оның артқы бетіне көздің бұлшық еттері бекиді.
Достарыңызбен бөлісу: