Морфология



Pdf көрінісі
бет1109/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1105   1106   1107   1108   1109   1110   1111   1112   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

татым  емізікшелерінің  (бүртіктерінің)  бүйір  қабырғаларында  орналасады. 

Оның  пішіні  бадана  тəріздес  болғандықтан,  оны  татым  баданасы  деп 

атайды.  Татым  баданалары  аздап  қатты  тандайда,  бадамша  бездерде, 

жұтқыншақта,  бөбешікте  де  кездеседі.  Дəм  сезімі  мүшесі  екі  түрлі 

бастамадан: сезгіш, тіректік жəне базальды эпителиоциттер эктодермадан, 

сезімтал нейроциттер хордаалды жүйке түтігінен дамиды. 

Татым  баданаларының  пішіні  пияз  баданасына  ұқсас  сопақша  (күйісті 

жануарларда жұмыртқа тəрізді, жыртқыштарда шар тəрізді, шошқада ұршық 

тəрізді)  келіп,  татым  емізікшелерінің  көпқабатты  жалпақ  эпителий 

қабатында, негіздік жарғақта орналасады. Татым баданасын бір-біріне тығыз 

жанаса  жатқан  40-60  эпителиоциттер  құрайды.  Олардың  ішінде  үш  түрлі: 

рецепторлы,  тіректік  жəне  негіздік  жасушалар  ажыратылады.  Татым 



502 

 

баданасының  қуысы  ауыз  куысымен  татым  шұңқырына  ашылатын  татым 



тесігі  арқылы  қатысады.  Пішіні  ұзынша  келген  дəм  сезгіш  эпителиоциттер 

тіректік  эпителиоциттердің  аралықтарында  орналасады.  Олардың  сопақша 

келген  ядролары  негіздік  жарғаққа  жақындау  жатады.  Цитоплазмасының 

апикальды  бөлігінде  эндоплазмалық  тор  мен  митохондриялар,  ал 

эпителиоциттің  апикальды  ұшыңда  микробүрлер  болады.  Əр  бір  татым 

баданасына  50  -ге  жақын  афферентті  жүйке  талшықтары  (сезімтал 

нейроциттердің  дендриттері)  келіп,  сезгіш  эпителиоциттермен  синапстық 

байланыстар  түзеді.  Тітіркену  нəтижесінде  түзілген  жүйке  толқыны,  сезгіш 

эпителиоциттерінен  синапс  арқылы  сезімтал  нейроциттердің  дендриттері 

ұшына,  одан  əрі  жүйке  ганглийлерінде  орналасқан  олардың  денелеріне, 

олардың аксондарымен дəм сезімі талдағышының мидағы орталығына өтеді. 

Тіректік  эпителиоциттер  рецепторлы  эпителиоциттерді  сыртынан  қоршап, 

оларды  жəне  жүйке  талшықтарын  оқшаулап,  тіректік  жəне  қорғаныс 

қызметтерін атқарады. Аласа келген негіздік жасушалар камбиальды қызмет 

(олардан тіректік жəне сезгіш эпителиоциттер дамиды) атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1105   1106   1107   1108   1109   1110   1111   1112   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет