33 — сурет. Қандауырша ұрық жапырақшалары мен біліктік мүшелерінің
дамуы
экт — эктодерма, энт — энтодерма, бі — біріншілік ішек, жп — жүйке
пластинкасы, жт — жүйке түтігі, х — хорда, мез — мезодерма, ц — целом.
Кейіннен оның алдыңғы жəне артқы жақтарынан тесіктер пайда болады.
Бұдан соң, ұрық эмбриогенездің гистогенез, органогенез жəне системогенез
сатыларынан өтіп, дернəсілге айналып, өздігінен тіршілік ете бастайды.
Балық пен қосмекенділер эмбриогенезі
Көптеген шеміршекті, сүйекті жəне саусаққанатты балыктар мен
қосмекенділер өкілі бақаның жұмыртқа жасушалары мезолецитті жəне
телолецитті овоциттерге жатады. Ұрықтану процесі аталған жануарларда да
сыртқы сулы ортада жүреді. Зигота толық, əркелкі жəне асинхровды түрде
бөлшектенеді. Бөлшектену нəтижесінде амфибластула пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |