87
А, Б — орақша сайдың (а) пайда болуы; В, Г, Д —-орақща сай жиектерінің бір-біріне
жақындап, бластопордың түзілуі; Е - сарыуыз тығынының түзілу кезеңі.
Гаструляция процесі бұл жануарларда қынаптану (инвагинация) жəне
қаптай өсу (эпиболия) аркылы жүріп, қандауырша бластопорының дорсальды
ернеуі орнында, балықтарда жиектік ойық, қосмекенділерде орақша сай
жетіледі.
Аталған құрылымдардың бластомерлері жедел көбейеді де, ұрықтың бас
жағындағы эктодермаға əсер етуі нəтижесінде жүйке түтігі желліп, оның
алдыңғы жағында ми көпіршігі дамиды. Бүйірлік ернеу бластомерлерінен
хордо-мезодермалық өскін, вентральды ернеу бластомерлері бластула
түбіндегі ірі енжарлы бластомерлерді сыртынан қаптай өсіп, олардың көбею
белсеңділігін арттырып, солармен бірге ішек энтодермасын түзеді.
Эмбриогенездің гистогенез, органогенез, системогенез сатыларынан
өтіп, балықтар мен космекенділер ұрықтары балыктардың дернəсілдеріне,
бақалардың шөмішбалықтарына (личинкалар) айналып, өз бетімен тіршілік
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: